«Былтыр бизнеске 18,2 триллион теңге несие берілген»: Президент Мадина Әбілқасымованы қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 4 ақпан, 2025
- 469

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол Президентке 2024 жылғы қаржы нарығын дамыту қорытындылары туралы есеп берді.
Агенттік төрағасы баяндамасында банк секторындағы тұрақтылықты сақтау, экономиканы кредиттеу көлемін 20,9 пайызға, яғни 33,8 триллион теңгеге ұлғайту, банктердің жұмыс істемейтін активтерін 3,1%-дан төмен деңгейде ұстау және мемлекеттің 400 миллиард теңге қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтару сияқты жетістіктерді атап өтті.
Сонымен қатар, стрестік активтер нарығын дамытуға бағытталған заңнамалық түзетулер мен цифрлық платформаның іске қосылуы, шетелдік банктерді Оңтүстік Корея, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктерінен тарту, бизнеске берілген кредиттерді 16,3 пайызға, яғни 13,1 триллион теңгеге ұлғайту, қаржылық алаяқтықтан қорғауға арналған жаңа заңнамалық түзетулер және сақтандыру нарығын цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттікке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар жүктеді.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Таразда жас оқырмандармен кездесу өтті
Ұқсас жаңалықтар
Алматыдан Дели мен Мумбайға тікелей рейстер қайта жанданады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 мамыр, 2025
Taobao маркетплейсіне қазақ тіліндегі интерфейс енгізіледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 мамыр, 2025