
Бұл айда екі маңызды мереке бар: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы. Қазақстан Республикасының "Мерекелер туралы" Заңының 3-бабына сәйкес, бұл күндер мемлекеттік мерекелер саналады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн демалады: 8, 9 және 10 наурыз. Ал алты күндік жұмыс аптасында 8 және 9 наурыз демалыс, 10 наурыз жұмыс күні болады.
Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады, бірақ 22 және 23 наурыз демалыс күндері (сенбі және жексенбіге сәйкес келетіндіктен), бұл мереке дүйсенбі мен сейсенбіге қосылып, қазақстандықтар 5 күн қатарынан – 21, 22, 23, 24 және 25 наурызда демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 25 наурыз – жұмыс күні болып, 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.
Бақытжан Беколат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз