Бұл іс-шараны «Қаламгер» клубының мүшелері ұйымдастырды
Таразда жас оқырмандармен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында кітапхананың «Қаламгер» клубының жұмысын насихаттау және жастарды кітап оқуға баулу мақсатында оқушылармен кездесу өтті.
Жас оқырмандармен кездесуде Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» кітабы талқыланды. Бұл бастама оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
Сондай – ақ, іс-шарада барысында клуб мүшелері оқушыларға сұрақтар қойып, жауап берген балаларға тәттілер таратты.