жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатта Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

– Жылы жүздесу, өзара сенім, түсіністік пен ашықтық сипатында өткен келіссөздер сапардың сәтті болуына септігін тигізді. Қазақстан халқы мұны зор ықыласпен қабылдады. 

Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне жеткізу жөніндегі декларация айрықша мәнге ие. 

Бұл құжат елдеріміздің сан қырлы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады, – деп жазды Мемлекет басшысы.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар