жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ кейбір диагнозы бар азаматтарға виза беруден бас тартуы мүмкін

АҚШ кейбір диагнозы бар азаматтарға виза беруден бас тартуы мүмкін
Global Look Press/Keystone Press Agency/Lev Radin
Бұл туралы The Washington Post мәлімдеді

АҚШ қатерлі ісік, семіздік, диабет және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға виза беру тәртібін қатаңдатады. Осыған байланысты америкалық дипломатиялық өкілдіктерге арнайы нұсқаулық жіберілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио бекіткен құжатта консулдық қызметкерлер өтініш берушінің денсаулық жағдайын ерекше назарға алуы тиіс екені көрсетілген. Себебі мұндай диагнозы бар адамдарды емдеу АҚШ-та жүздеген мың доллар шығынды талап етуі мүмкін. Құжатта семіздік те тәуекел факторы ретінде аталған, өйткені ол гипертония мен клиникалық депрессияға әкелуі ықтимал.

Медициналық көрсеткіштермен қатар, виза беру барысында өтініш иесінің жасы, оның отбасы құрамындағы асырауындағы адамдар саны, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі болуы сияқты қосымша критерийлер де ескеріледі.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы бұл тәжірибенің бұрыннан бар екенін, осындай талаптар жүз жылдан бері қолданылып келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, негізгі мақсат – шетелдіктердің АҚШ салық төлеушілеріне қаржылық салмақ түсірмеуін қамтамасыз ету.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар