Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына барады
- авторБақытжан Бекболат
- 26 тамыз, 2025
- 546
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.
31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады.
2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






