жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Жуалыда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Алқалы жиында өткен оқу жылының қорытындысы сараланып, жаңа оқу жылының міндеттері мен стратегиялық бағыттары айқындалды.

Жуалы аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі тамыз конференциясы ұйымдастырылды. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға аудан әкімі Жалғас Мұртаза, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық және ардагерлер кеңесінің төрағалары мен мүшелері, аудандық мәслихаттың төрағасы, әкім орынбасарлары, «AMANAT» партиясының өкілдері, бөлім басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздар, еңбек ардагерлері қатысты.

Ашылу барысында аудан әкімі Жалғас Мұртаза білім сапасын арттырудағы негізгі міндеттерге тоқталды. Ол балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу, цифрлық ресурстармен жабдықтау бағыттарының маңыздылығын атап өтіп, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Конференцияда аудандық білім бөлімінің басшысы Бахыт Шертаева, «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның директоры Орынбек Жанболат және №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның педагогы Балжан Даулова баяндама жасады.

Жиын соңында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында бірқатар білім беру саласының қызметкерлері марапатталып, еңбектері еленді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар