жұма, 27 желтоқсан, 2024 14:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Республикасы Президентінің әскери қызмет туралы Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің әскери қызмет туралы Жарлығы
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Президентінің әскери қызмет туралы Жарлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әскери қызметі туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы­ның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақ­шасына және «Әскери қызмет және әске­ри қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Респуб­ли­касы Заңының 31-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2021 жылдың наурыз – шіл­де­сінде және қыркүйек – желтоқсанында Қазақ­стан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық қауіпсіздік коми­теті, Қазақстан Республикасының Мемле­кет­тік күзет қызметі қатарынан запасқа шыға­рылсын.
  2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық қауіпсіздік коми­тетіне, Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
  3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыр­күйек – желтоқсанында азаматтарды мер­зімді әскери қызметке шақыруды жүр­гізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
  4. Қазақстан Республикасының Үкі­меті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республи­касының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Респуб­ликасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
  5. Осы Жарлық алғашқы ресми жа­рия­ланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ   Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 5 ақпан № 503
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар