жұма, 27 желтоқсан, 2024 22:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев Қордай және Шу аудандары әкімдерінің есептерін тыңдады

Бердібек Сапарбаев Қордай және Шу аудандары әкімдерінің есептерін тыңдады
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев Қордай және Шу аудандары әкімдерінің есептерін тыңдады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай және Шу аудандарының әкімдері Рүстем Дәулет пен Нұржан Календеровтің есептерін тыңдады. Сондай-ақ, есепті кездесуге облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚК аумақтық департаментінің басшысы Марат Ирменов, полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов, құқық қорғау органдарының аудандық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Аудан әкімдері өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс басшылығының тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. - Біздің кездесуіміздің мақсаты – жергілікті жерлердеде шешімін таппай отырған мәселелерді талқылау. Аудан тұрғындарын не алаңдатады? Облыс басшылығынан қандай көмек қажет? Бұл ретте құрғақ есептерді баяндаудын қажеті жоқ, нақты мәселелерді шешу үшін өзекті мәселелеріңіз бен ұсыныстар айтылуы керек, - деді аймақ басшысы. Биыл Қордай ауданында 387 әлеуметтік маңызды жобаны жүзеге асыруға 21,8 млрд. теңге бөлінді. Ауданда автожолдар салынып, жөнделуде, газ, су, электрмен жабдықтау желілері жүргізілуде, мектептер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда 345 нысанның жұмыстары аяқталды. Аймақ басшысы іске асырылып жатқан жобалардың сапасы мен орындалу мерзіміне назар аударды. Қаржыны сапалы игеруде азаматтық сектордың маңыздылығын алға тартып, жанашыр азаматтар құрылыс жұмыстарының барысын бақылауға белсенді қатысуы керектігін баса айтты. Бердібек Сапарбаев сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру және идеологиялық жұмыстарды күшейту, қоғамдағы ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайту қажеттігін атап өтті. Ағымдағы жылдың ақпан айында болған тәртіпсіздіктер кезінде бұзылған тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру шараларын облыс әкімдігі ерекше бақылауда ұстауда. - Тұрғындармен жиі кездесіп, оларға ауылдықтардың тұрмысын жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын нақты түсіндіру қажет. Өңірде жүздеген жобалар жүзеге асырылуда, оларға бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінді. Кордайлықтар мемлекет тарапынан теңдесіз қолдау шаралары жүзеге асып жатқандығын сезінуі тиіс. Бұл мәселеде қоғам өкілдерін белсенді тарту, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалану маңызды, - деді Б. Сапарбаев. Шу ауданында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Ауыл - Ел Бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және басқа да бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 9,2 млрд.теңгеге 184 жоба жүзеге асуда. Атап айтсақ, ауданда жалпы сомасы 2,5 млрд. теңгеге 128 көше жөнделуде десек, екі жаңа мектеп салынып, тағы үш мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Өзекті мәселелердің бірі ретінде аудан әкімі Нұржан Календеров Төле би ауылының тұрғындарын газбен қамтамасыз ету, Шу қаласындағы электр желілері мен кәріз жүйесі туралы тоқталып өтті. Кездесуді қорытындылай келе, аймақ басшысы ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану, суармалы жерлерді ұлғайту, тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мектептерді жаңа оқу жылына дайындау, медициналық нысандарды медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектер қорын қалыптастыру, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, өңірлердегі тұрақты қоғамдық-саяси ахуалдарға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық өзекті мәселелер бойынша аймақ басшысы нақты шешу жолдарын, мерзімі мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, жол карталарын әзірлеуді тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар