дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 8:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Қарекет ет, батырым!"

"Қарекет ет, батырым!"
ашық дереккөзі
"Қарекет ет, батырым!"
Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасына көрнекті журналист Бейсен Құрабектің бейнесі салынды. Граффити жанрында бейнеленген мурал биыл дүниеден өткен әріптесіміз ұзақ жыл басшылық еткен "Jetisu" телеарнасының ғимаратына қарама-қарсы қоныс тепкен үйдің қасбетінде "мен мұндалап" тұр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі. Мурал фотосуретші Жеңіс Ысқабайдың суреті негізінде жасалған екен. Тұтас қабырғаны алып тұрған Бейсеннің бейнесін суретші Бекболат Кеңесов салып шықты. Сурет астына "Қарекет ет, батырым!" деп жазылған. Ал есімі елге әйгілі журналистің жарқын бейнесін жұрт назарына ұсыну идеясын "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі бастаған екен. Істің нәтижелі болуына облыстық ішкі саясат басқармасы барынша үлес қосты. "Міне,  "Jetisu" телеарнасының қапталындағы үйдің қабырғасында Бейсен достың бейнесі жымиып қарап тұратын болды. Өзі жиі айтатын "Қарекет ет, батырым" деген сөзі де тасқа басылды. Жалпы, жұрт жүрегінде Бейсеннің бейнесі мәңгілік сақталады. Елдің ерге құрметі, тағзымы осындай игі істерден көрініс табуда, - дейді марқұмның үзеңгілес жолдасы, "Jetisu" телеарнасының директоры Серік Сарыбаев. Айтпақшы, Бейсен Құранбек бейнелген муралдың қасына жетісулықтар ерекше ілтипатпен еске алатын тағы бір жас батырдың суреті де таңбаланды. Ол 20 жастағы Олжас Құлжабеков есімді батыр еді. Олжас 2008 жылдың тамыз айында Қапшағай су қоймасында батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі суға кеткен болатын. Жас жігіт қайтыс болғаннан кейін Президент Жарлығымен "Ерлігі үшін"  медалімен марапатталған. Egemen.kz 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар