Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің экономикалық-әлеуметтік салаларындағы өзекті мәселелер қамтылған. Оның ішінде сот жүйесінде дауларды шешудің баламалы тәсілін жетілдіруді айрықша атап өтуге болады. Өйткені бұл тәсілдерді соттардың тәжірибесінде көптеп қолдану судьялардың жүктемесін азайту арқылы олармен шығарылатын шешімдердің сапалы болуына негіз болмақ. Бір сөзбен айтқанда дауларды шешудің баламалы тәсілдерін кәдеге жарату халықтың сотқа деген сенімін нығайтудың алғышарты ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі таңда тәжірибесінде дауды дабыра қылмай шешудің жолдарын қоғамдық ұйымдар мықтап қолға алды. Мәселен Талас ауданында осыдан 2 жыл бұрын жергілікті ардагерлер ұйымының жанына билер кеңесі құрылды. Аталмыш кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын басшылыққа алды.
–Ал шешім шығару, тараптарды келісімге шақыру тәжірибесін облыстық билер кеңесімен бірлесіп жетілдіріп отырамыз. Қазіргі таңда Талас ауданының 15 елді мекенінде билер кеңесі құрылып, ауыл-аймақ шеңберіндегі дау-дамайды ақыл салып шешуде. Облыстық билер кеңесімен біліктілігін арттыру бойынша арнайы семинар ұйымдасытырылып, оған қатысқан 55 биге біліктілігін растайтын сертификат табысталды, – дейді Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы.
Жалпы билер кеңесі ауылдардағы бірлік пен ынтымақты қалыптастыруда, отбасын сақтауда, ұрлық-қарлыққа тыйым салумен салт-дәстүрді сақтауға ықпал ететін құрылым саналады. Оған Талас ауданы, Ойық ауылындағы ардагерлер және билер кеңесінің жұмысы нақты айғақ бола алады. Қазіргі таңда аталған ауылдың би-модераторлары «ішімдіксіз, бұзақысыз және отбасы берік үлгілі ауылға айналамыз» деп пәтуә жасап, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Көпшіліктің тарапынан олардың бұл бастамасы қолдауға ие болды.
Дауларды сотқа дейінгі сатыда реттеу мүмкіндігін қарастыруға Президент пәрменімен айрықша назар аударылып жатқан тұста оны жетілдіру мәселесімен ардагерлер мен билер, қауымдастық мүшелері, дін өкілдері жергілікті билікке көмек қолын созуға дайын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Nur Otan праймеризінде жеңіске жетті
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024