Nur Otan праймеризінде жеңіске жетті
Мәжіліс депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Гүлнар Бижанова, Құдайберген Ержан, Балайым Кесебаева, Берік Оспанов және Артур Платонов праймериз шеңберінде аймақтардағы партия конференцияларына пікірталастарға қатысып, ең көп дауыс жинады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтарда партия конференциялары өтіп, Мәжіліске партиялық тізім бойынша үміткерлер арасында пікірталастар ұйымдастырылды. Олардың қатарында өзекті бағыттар бойынша жұмыстарын жалғастыру үшін өз кандидатураларын ұсынған Мәжілістің қазіргі депутаттары да бар.
Атап айтқанда, Артур Платонов Алматыдағы әлеуметтік мәселелерді шешу және экологияны жақсарту жөніндегі өз идеяларын ұсынса, Берік Оспанов Шымкент қаласында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және отандық кәсіпкерлерді қолдау мәселелерін көтерді. Гүлнар Бижанова мен Балайым Кесебаева Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері ретінде Қарағанды және Қызылорда облыстарында сөз сөйлеп, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін шешу үшін заңнаманы жетілдіру тақырыбын қозғады. Сонымен қатар Құдайберген Ержан Түркістан облысында елдің қауіпсіздігін жақсарту үшін тиімді диалог құрып, саналы шешімдер қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Пікірталас барысында Мәжілістің қазіргі депутаттары өздерінің заңнамалық жұмысының тәжірибесін, халықтың өмір сүру жағдайы мен отандық экономика салаларының өзекті мәселелерін терең білетіндерін көрсетіп, қандай да бір саладағы жағдайды жақсарту және жалпы өңірлерді дамытуға арналған нақты ұсыныстар айтты. Сондай-ақ олар маңызды тақырыптар бойынша сындарлы байланыс құра білетіндіктерін көрсетті.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша Мәжілістің қазіргі депутаттары ең көп дауыс жинап, өз өңірлерінен партиялық тізімге енді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Пневмониямен 268 адам ауырып жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Назарбаев саяси сыпайылықты сақтай бермейтін - Президент
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қаңтар, 2025