дүйсенбі, 24 наурыз, 2025 2:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір жарым сағатқа созылған әңгіме: Трамп пен Путин телефонмен не туралы сөйлесті?

Бір жарым сағатқа созылған әңгіме: Трамп пен Путин телефонмен не туралы сөйлесті?
ашық дереккөз
Ресей мен АҚШ президенттерінің телефон арқылы тілдесуі бір жарым сағатқа созылған. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары Ресей мен АҚШ азаматтарын өзара ауыстыру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Америка Құрама Штаттарының президенті америкалық тарап барлық қол жеткізілген келісімдерді орындайтынына сендірді. Көшбасшылар Украинадағы жағдайды талқылап, қақтығысты дипломатиялық әдістермен аяқтауға келісті.

Әңгіме барысында Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу, Иранның ядролық бағдарламасы, сондай-ақ экономика саласындағы екіжақты ресей-американдық қатынастар сөз болды.

Ресей президенті сондай-ақ Ақ үй басшысының негізгі тезистерінің бірін қолдады, яғни қос елдің бірге жұмыс істейтін уақыты келгенін атап өтті.

Ресей президенті АҚШ президентін Мәскеуге келуге шақырып, Украинадағы жағдайды реттеу тақырыбын қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын жұмыс бағыттары бойынша Ресейде Америкадағы лауазымды тұлғаларды қабылдауға дайын екенін білдірді.

Әңгіме қорытындысы бойынша тараптар жеке кездесу туралы сөз байласты. Оның егжей-тегжейі дипломатиялық арналар арқылы келісілмек. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар