Трамп Путинмен тілдескен соң артынша Зеленскийге қоңырау шалған
- авторjambylinfo.kz
- 13 ақпан, 2025
- 824

Бұл туралы Украина президентінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвин мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ол әңгіме шамамен бір сағатқа созылғанын атап өтті.
Кейінірек, өзінің Telegram парақшасында Владимир Зеленский әңгіме барысында украин тараптың бейбітшілікке қол жеткізу үшін жұмыс істеуге дайындығы талқыланғанын атап өтті.
"Дәл қазір Дональд Трамппен сөйлестім. Ұзақ әңгімелестік. Бейбітшілікке қол жеткізу мүмкіндігі туралы. Командалар деңгейінде бірге жұмыс істеуге дайындығымыз туралы. Біздің технологиялық мүмкіндіктеріміз, атап айтқанда дрондар және басқа да заманауи өндірістер туралы. Президент Трампқа бірге не істей алатынымызға деген қызығушылығы үшін ризамын", – деп жазды Украина басшысы.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Скотт Бессентпен әңгіме және АҚШ пен Украина арасындағы қауіпсіздік, экономикалық және ресурстық өзара іс-қимыл туралы жаңа келісімді дайындау талқыланды.
Бұдан бөлек, "сенімді, ұзақ мерзімді бейбітшілік" кепілдіктері туралы сөз болды.
"Президент Трамп маған Путинмен әңгімесінің егжей-тегжейін хабарлады. Украина бәрінен де бейбітшілікті қалайды. Ресей агрессиясын тоқтату және сенімді, ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Америкамен бірлескен қадамдарымызды анықтаймыз. Президент Трамп айтқандай, let's get it done. Болашақтағы байланыстар мен кездесулер туралы келістік", – деп атап өтті Зеленский.
Сонымен қатар, Трамп та әңгіме "жақсы өтті" деп нақтылады.
"Зеленский де, президент Путин де бейбітшілік орнатқысы келеді. Біз соғысқа қатысты көптеген тақырыптарды, жұма күні Мюнхенде өтетін кездесуді талқыладық, онда делегацияны вице-президент Дж. Д. Вэнс және мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарады. Мен осы кездесудің нәтижелері оң болады деп үміттенемін. Бұл мағынасыз соғысты тоқтататын уақыт келді. Құдай Ресей мен Украина халықтарын жарылқасын!" – деп түйіндеді АҚШ басшысы Truth Social әлеуметтік желісінде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз