сәрсенбі, 23 қазан, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірлігі бекем елдің болашағы баянды

Бірлігі бекем елдің болашағы баянды
ашық дереккөзі
Бірлігі бекем елдің болашағы баянды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында ел дамуының жан-жақты шешімдері, күрделі экономикалық жағдайдан тиімді жол табу жағдайлары толық қамтылды. Президент Қазақстан халқына Жолдауын пандемиямен күресте ерекше ерлік танытқан дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, әскери қызметкерлер мен күрделі ахуалға бей-жай қарамаған барша ел жанашырларына алғыс білдірумен бастады. Расында да қауіп-қатер төніп, әлем әлекке түскен шақта қазақ елі қасқайып қарсы тұра білді, бірлігімізбен, мызғымас күш-жігерімізбен қиындықпен күрестік. Дегенмен Мемлекет басшысы айтқандай босаңсуға болмайды, иықты кеңге салып жүруге әлі ерте. Мұны бәріміз жақсы түсініп, тәртіпке бағынуымыз керек. Заман ағымынан қалыс қалмау маңызды. Бір сәт мүлгісең артта қалатын уақытта тынымсыз еңбек пен ұшқыр ой қажет. Мемлекеттің басты міндеті –халықтың жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату. Ал ол үшін экономиканы еселеп өсіру керек. Президент осы мақсатта нақты жеті ұстанымды ұсынды. Міндеттерді адал орындау, жеке кәсіпкерлердің орны, жас кәсіпкерлерге жол ашып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту, экологиялық жағдайды жақсарту, сонымен қатар, қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалау қағидаларын берік ұстанғанда дамудың даңғыл жолына түсеріміз хақ. Ел Президенті өз Жолдауында сапалы және қол жетімді білім беруге ерекше тоқталды. Пандемия жағдайында білім алуда оқушылар алдында еш кедергі болмау керегін басып айтты. Иә, қашықтан оқыту көпшілік үшін тың жаңалық, жаңа жағдай болғандықтан көптеген қателіктер, кемшіліктер орын алды. Дулати университеті бұл жағдайда тиімді шешім, ұтымды жол таба білді. Бұл үшін біз университет оқытушыларына, ұлағатты ұстаздарымызға алғыс білдіреміз. Ғылым – үлкен күш. Елді өсіретін, өркениетке жеткізетін даңғыл жол. Сондықтан, ғылымға үлкен мән беріп, дамытуға үлкен күш салуымыз керек. Осы мақсатта Президент Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Және бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметіне қызығушылық танытып, қолдау көрсетсе деген ойын да білдірді. Ғылыми жаңалық өндіріске шығуы үшін қолдау, демеу аса маңызды. Ғылымға жасаған капитал еселеп қайтатынын түсінгеніміз жөн. Ірі бизнес өкілдері өңірлік университеттердің ғылыми қызметін қаржыландыруға өз үлесін қосатынына сенеміз. Президент өз Жолдауын ізгі тілегімен түйіндеді. Келер жылы Тәуелсіздігімізге 30 жыл толатынын айтып, ел амандығы мен халқымыздың бай-қуатты болуы әрқайсымызға байланысты екенін жеткізді. Үлкен міндеттер, нақты тапсырмалар жүктелді. Алдағы уақытта жұмыла жұдырық болып, елге адал қызмет етейік! Махметғали САРЫБЕКОВ, Дулати Университетінің ректоры
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар