сенбі, 23 қараша, 2024 2:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әділетті қоғам үшін еңбек етейік

Әділетті қоғам үшін еңбек етейік
ашық дереккөзі
Әділетті қоғам үшін еңбек етейік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Жолдауды президентіміз 1.30 сағат тік тұрып баяндады. Аталған уақыт ішінде еліміздегі маңызды мәселелерді атап көрсетіп, шешімін табуға жұмыс жасауға шақырды. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Жер сатылмасын деп енді көшеге шықпай-ақ қойсақ болады. Бірақ, тиімді пайдалану жолында көп жоба іске асатын болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтерілетінін баса айтты. Бұл қуантарлық жағдай. Себебі, осы шешім арқылы мұғалімге деген талап күшейеді, лайықты жандар ұстаз бола алады және еңбегіне сай жалақысын алатын болады. Келер ұрпақты жақсы біліммен сусындатудың бір жолы деп білемін. Ауыл шаруашылық саласына, ауылды жердегі мал шаруашылығына қолдаудың артатындығын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтегі адам санын қысқартуды жөн деп санаймын. Себебі, мемлекеттік қызметті баспалдақ ретінде көрген жанға ұзақ жүруге тура келеді және айлығы да төмен етін. Бұдан былай адам санын қысқартып, лайықты жандардың жұмыс жасауына мүмкіндік туды. Президентіміз сонымен қатар «әділдіктің» маңызды екендігін. Кез келген жағдайда әділеттілік үшін қызмет қылатынымызды айтты. Әділетті қоғам үшін еңбек етейік. Ерғали Әбуғали, Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанатының басшысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар