«Елбасының тапсырмасы»: Жамбылдық полицей «Елбасы» мен президенттің статусын ажырата алмады
- авторМағжан Орынбасар
- 16 мамыр, 2024
- 521
Өңірлік коммуникациялар алаңына интернет алаяқтық бойынша баяндама жасауға келген полиция департаментінің өкілі елбасы мен президенттің статусын ажырата алмады. Баяндамасын «елбасының тапсырмасымен» деп бастаған ол бұл сөзін бірнеше рет қайталады, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Жамбыл облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шохан Альжанов брифингте баяндама оқығанда, «Елбасының тапсырмасы» бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Кейінірек jambylinfo.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, президент пен «Елбасы» статусының айырмашылығы жоқ деген пікірін айтты.
«Елбасы деген президент деген сөз»,- деді ол.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституциядан Елбасының мәртебесі мен артықшылығы туралы баптар, «Елбасы» сөзі алынғанын, сонымен қатар бұл сөз енді қолданылмайтынын айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024