бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 15:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда биыл 66 интернет алаяқтық фактісі тіркелген

Жамбылда биыл 66 интернет алаяқтық фактісі тіркелген
Коллаж: jambylinfo.kz
Қылмыстың барлық түрлерінің құрылымында алаяқтық үлесі 20,5% құрады

Бұл туралы Жамбыл облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Шохан Альжановтың сөзінше, жыл басынан бері жалпы алаяқтың саны 353-тен 297-ге төмендеген. Алайда интернет алаяқтарының дәурені әлі жүріп тұр. Бұл бойынша орын алған қылмыстың басым бөлігі Тараз қаласында жасалған. Полиция департаментінің өкілі мәлім еткендей, интернет арқылы халықтың қалтасын қақтайтындар көбіне банк қызметкері болып хабарласады. Статистикаға сүйенсек, облыста биылғы жылдың 4 айында 50 интернет алаяқтық тіркелген. Ал, мамыр айы басталғалы 16 күн ішінде 16 дерек анықталған.

"Жалпы бүгінгі күнге дейін интернет жүйесімен жасалған 14 алаяқтық дерегі ашылған. Интернет-алаяқтықпен айналысқан 11 тұлға ұсталды, олардың 5-уі басқа Алматы, Манғыстау Қызылорда облыстарының тұрғындары",- деген  Шохан Альжанов өңір жұртын сақ болуға шақырды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар