жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 5:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықпен қарым-қатынаста алға жылжу бар

Халықпен қарым-қатынаста алға жылжу бар
ашық дереккөзі
Халықпен қарым-қатынаста алға жылжу бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру - бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген болатын.

Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты. Қазіргі таңда елімізде осы тұжырымданы іске асыруға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі тетіктері іске қосылуда. Тұжырымдама аясында билік өкілдерінің халықпен кездесулері артып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау үрдісі жетілдірілуде. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдарда «Ашық әкімдік» форматында фронт-офистер құрылуда. Аталған жерде әртүрлі мемлекеттік органдардың халыққа жедел қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырып, кері байланыс тетіктері жетілдіруде.

Сондай-ақ, елімізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жанындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халықтың қызмет алу мүмкіндігін оңтайландыру жұмыстары уақыт өткен сайын жетілдіріліп келеді. Мекеменің бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары ашылып, кейбір мекеме басшылары өздерінің жеке байланыс телефондарын жариялау арқылы халықпен жедел кері байланыс орнатуға көңіл бөлуде. Яғни халықпен қарым-қатынас саласында айтарлықтай жүйелі түрде алға жылжудың бар екенін айту керек.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы қазақ халқының «Әкім бол, халқыңа жақын бол» тәмсілімен астасып жатқанын да айта кету керек. Сондықтан аталған тұжырымдама аясындағы іс-шаралар баянды бола беретіні анық.

 

Оңласын ЕСІРКЕПОВ,

облыстық билер кеңесінің төрағасы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар