ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына – 5 жыл
- авторjambylinfo.kz
- 19 қараша, 2020
- 271
Бұл Заң 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданды, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы еліміздің алғашқы заңы ТМД елдерінің ішінде бірінші болып 1998 жылдың 2 шілдесінде қабылданған болатын. Қазіргі заңның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Ол үшін мемлекет пен қоғам бір күш болып жұмылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, жемқорлыққа желкенішпен қарауға, оның көріністерін мүлдем қабылдамауға, «нөлдік» төзімділік танытуға бағытталған. Басты бағыт- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Осы орайда Алик Шпекбаев мырза басқаратын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұстанып отырған: «Адалдық, Сенім және Парасаттылық» қағидаларын, жаңа бастамалары дұрыс, қолдаймыз! Қоғам, ел алдында ашықтықтың үлгісін агенттік өзінен бастап көрсетіп отыр. Облыстағы департаменттің жанынан құрылған ақпараттық, ағарту қоғамдық штабының жетекшісі ретінде, «Жамбыл- адалдық алаңының», арнайы мониторинг тобы жетекшілерімен бірге агенттік басшылығы өткізетін апталық бейне- конференцияларына онлайн режимінде, барлық өңірлердегі әріптестерімізбен бірге қатысып, жаңалықтарды, сын-ескертпелерді, озық тәжірибелерді біліп отырамыз, қоғамдық жұмысымызда пайдаланамыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес агенттіктің бастамасымен аталған заңға және басқа да тиісті заңнамаларға 2019 жылдың 26 қарашасында, 2020 жылдың 6 қазанында маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Барлық басшылар ол туралы біледі, хабардар. Себебі заңдарды, оларға енгізілген өзгерістер туралы облыста кең ақпараттандыру, түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Мысалы қырықтан аса жергілікті зиялы қауым өкілдерінен құрылған қоғамдық штаб мүшелері қоғамда парасаттылық пен адалдық қағидаларын дәріптеп жыл басынан бері: карантинге дейін- ұжымдарда 5500 адам қатысқан 55 кездесулер өткізді, ал пандемия кезінде онлайнмен- 7500 көрсетілімі бар 96 «АнтикорЛайф»тікелей эфир ұйымдастырылды. Кеше ғана облысымыздың активімен, бірқатар ұжымдарда, әлеуметтік топтардың мүшелерімен кездесіп жұмысымызға жаңа серпін беріп кеткен республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзадаға және агенттіктің Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлына ризашылығымызды айтамыз. Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында және 2020 жылдың 19 тамыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмаларды орындауға барша күш-жігерімізді аямаймыз дегім келеді. Себебі бізге бұл өмірде ең қымбат- еліміздің жарқын келешегі, Тәуелсіздігіміздің мәңгілігі, ұрпағымыздың бейбіт, бақытты өмір сүруі!
Қасымхан Төлендиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық ағартушылық штабының жетекшісі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз