Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған әйелімен бірге Астанаға ұшып келді. Елорда әуежайында түрік басшысын премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп jambylinfo.kz.
Режеп Тайип Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Айта кетейік, Түркия — ұйымға серіктес ел. Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.
Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеуде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024