сенбі, 7 маусым, 2025 21:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Саммиттегі тосын сәт: Ердоған Макронның саусағынан ұстап қалды

Саммиттегі тосын сәт: Ердоған Макронның саусағынан ұстап қалды
Реджеп Тайип Эрдоган және Эмманюэль Макрон (Фото: Leon Neal / Reuters)
Түркиялық БАҚ жариялаған бейнежазбаларда Макрон Ердоғанмен қол алысқаны көрінеді. Ердоған бос қолымен бұл амалды қолдап, қол алысты жеңіл шапалақтайды. Осы сәтте Макрон да екінші қолын Ердоғанның қолына қояды. Алайда Макрон қолын кері тартпақ болғанда, Ердоған оның саусағынан ұстап, жібермей қояды. Қос тарап аудармашылар арқылы біраз уақыт сөйлесіп тұрады, кейін әңгіме жағымды нотада аяқталады.

Албанияда өткен Еуропалық саяси қауымдастық саммитінде Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронның саусағынан ұстады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Түркияның SonDakika порталының пайымынша, Ердоған бұл әрекеті арқылы Макронның «психологиялық үстемдік» орнатуына жол бермеген. Себебі дипломатиялық этикетте бір қолмен қол алысқанда екінші қолды қарсыластың қолының үстіне қою – үстемдік белгісі саналады. Ердоған бұған жауап ретінде Макронның саусағынан ұстап, қолын жібермей қойған. Осындай талдауды YeniŞafak басылымы да ұсынған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар