Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы лентамен өнер көрсету сайысында чемпион атанды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құрлықтық додада ол 28.150 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Аталған сайыста өзбекстандық Наталья Усова (27,55 ұпай) екінші, жапониялық Рейна Матсусаки (27,2 ұпай) үшінші орын алды.
Бұл сайыста тағы бір қазақстандық Айым Мейіржанова 27.000 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.
Айбота бұдан жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, қола медаль алған еді.
Айбота Ертайқызы 2004 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол 2024 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен құрлықтық додада чемпионы атанған еді. Сондай-ақ бірнеше мәрте күміс және қола жүлдеге қол созды.
Бүгін – Халықаралық музей күні
Ұқсас жаңалықтар
Софья Актаева Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қаңтар, 2026
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025






