Саясат
Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 28 қазан, 2024
- 334
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.
«Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді», — делінген хабарламада.
Келесі мақала