«2920 күн біргеміз»: Елдос Колобок әйеліне үйленуге тағы ұсыныс жасады
- авторjambylinfo.kz
- 28 қазан, 2024
- 356
Әлеуметтік желіде "Колобок" атымен танылған әзілкеш, блогер, кәсіпкер Елдос Қадырханов жары Таңшолпан Шотаева екеуінің үйленгеніне сегіз жыл толуына орай келіншегіне ерекше тосынсый жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Романтикалық видеода блогер асыл жарын осыдан 8 жыл бұрын алып қашып кеткенін айтады.
"Сөз салғанымда "жоқ" деп айтатын еді. Сол үшін алып қашып кеттім. Қазір енді кеш. Дегенмен бүгін біздің отауласқанымызға 2920 күн болған екен. Біздің отбасымызға – 8 жыл. Уақыт деген аямай, зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша "Бүгін бізге 80 жыл болыпты" деп отырайық. Бақытты, ұзақ, мәнді, көңілді өмір сүрейікші. Отқа да, суға да қол ұстасып бірге түсейік. Жарқын болашаққа кеттік",- деп жазды блогер.
Желі қолданушылары жұбайларға жүрекжарды лебіздерін жарыса жазған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз