Саясат
Тоқаев Түркия Президентін Республика күнімен құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 29 қазан, 2025
- 212
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.
Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бейресми кездесу өткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025
Саясат
Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025






