Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Тараз қаласы әкімдігінде өткен кезекті басқосуда шаһардағы коммуналдық және басқа қызметтерінің қыс маусымына дайындық барысына қатысты мәселелер қаралды. Сондай-ақ, басқосуда басқа да аспектілер назарға алынды десек, олардың негізгісі – әр түрлі нысандардың тапсыру кестелерінің бұзылуы болды.
Жиында Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев есептік баяндама жасаған. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қателіктермен жұмыс істеу керектігін ескертіп, бірден ең өзекті мәселелерді талқылауға көңіл бөлді.
Бердібек Машбекұлы алдымен орындалмаған жеті тапсырманың жай-жапсарына назар аударды. Оның біріншісі – облыстық прокуратураның бастамасымен қолға алынған «Қауіпсіз қала» бағдарламасын жүзеге асыру. Шаһар басшысы Айтқазы Қарабалаевтың айтуынша, 54 көпқабатты тұрғын үй мен 26 ауласы бар Алатау шағын ауданының негізінде пилоттық жоба әзірленген. Сметаға сәйкес, шығындардың жалпы сомасы 103 млн теңгені құрайды десек, тек бір жарықтандырудың өзі 32 млн. теңгені айналған. Қалай болғанда да, жұмыс келесі жылы басталмақ. Сонымен қатар, 28 саяжайдағы мәселелерді шешу үшін шамамен екі миллиарда жуық қаражат қажет.
Ал жаңа 15-ші шағын ауданға келер болсақ, облыс әкімі ондағы көпқабатты үйлердің бірінші қабатында тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ететін дәріханалар, фельдшерлік пункттер, азық-түлік дүкендері ашу бойынша тапсырды. Айтқазы Қарабалаевтың жақын арада мұнда учаскелік полиция бекеті ашылатын жеткізді. Аймақ басшысы қала билігінің өнеркәсіптік кәсіпорындармен қарым-қатынасына көңілі толмайтынын білдірді. Арматура зауыты мен фармацевтикалық кешен әлі іске қосылмаған. Белгілі болғандай, бірінші жағдайда қытайлық мамандардың келуі күтілуде екен.
- Мен өнеркәсіптік өсімді кем дегенде 102 пайызға қамтамасыз етуді тапсырдым, бірақ жылдық болжамдар 100 пайыздан аспайды. Кейбір кәсіпорындарда айтарлықтай құлдырау байқалады. Әкімдік бәрін тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Өндірістердегі өзекті мәселелерді шешуге көмектесу керек, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытайдың айтуынша, көрсеткіштер негізінен қант зауытының салдарынан түсіп отыр. Бүгінде кәсіпорынға 27 мың тонна шикізат келіп түскен, бұл өндіріс көлемінің артуына әсер етуі тиіс.
Алғашқы қардың жауғанына назар аудартқан аймақ басшысы жолдардың қысқы кезеңге дайындық барысы туралы сұрады.
- Екі мың текше метрден астам құм және 800 тонна тұз әзірленді, 76 бірлік техника бар. Автовокзал мен Жансая ықшамауданы жақтағы үлкен көпірлерді толтыру жұмыстары бүгіннен басталады, - деді Айтқазы Қарабалаев.
- Біз адамдардың наразылығын тудырмауымыз керек, көшелер мен тротуарлар үнемі тазаланып тұруы тиіс. Келесі аптада біз қар тазалайтын және басқа техникалардың қыс маусымына дайындығына қатысты арнайы жиын өткіземіз, - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Сондай-ақ, жиын барысында суару арық науаларын орнатудың белгіленген мерзімінің сақталмауы болды. Олардың кейбіреулерімен су дұрыс ақпайды, түскен жапырақтарға толып қалған. Мердігерлердің бірі жергілікті науалардың сапасыз екендігін, сондықтан оларды Шымкенттен әкелуге тура келетіндігін айтып шағымданды. Келесі жағдайда, кейбір үйдің иесі бетондалған аумақты бұзбауды талап еткен.
Жан-жақты талқылай келе мердігерлер тағы да тапсыру мерзімін қарашаның соңына дейін ауыстыруды сұрады. Олар бір шақырымнан аз науа төсеу және 2,5 шақырым құбырды ауыстыру жұмыстары қалғанын айтады. Аулалар мен ойын алаңдарын абаттандыру жұмыстары бойынша әзірленген слайдтардан кейбір мердігерлер өз жұмыстарын танымай дал болды. Кей жерде жол мен тротуарды асфальттау аяқталмаса, ендігі екінші жерде балалар әткеншектері орындықсыз қалған.
- Жұмысты сапасыз жүргізгені үшін айыппұлмен жазалап, сотқа талап-арыз беру керек. Мұндай компанияларды бүкіл Қазақстан аумағында жұмысын жалғастыра алмайтындай етіп оларды жосықсыз мердігерлер тізіміне қосу қажет, - деп облыс әкімін қатаң шаралар қабылдауға шақырды.
Бұл көне шаһардың шырайын кетіріп тұрған, құрылысы ұзаққа созылған 35 нысанға да қатысты. Мұндай жағдайда сәулет-құрылыс бақылау құрылымдары белсенділік танытуы тиіс.
Тараздағы бірнеше мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кезекші сыныптар көрші мектептерде оқуда десек, ондағы оқушылар саны барлық бастауыш сынып оқушыларының жартысына жуығын құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру маңызды, дегенмен ол коронавирустың таралу деңгейіне байланысты болады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, қажетті дәрі-дәрмектің екі айлық қоры қалыптасқан. Ең бастысы – халықтың карантиндік шектеулерді сақтауы маңызды десек, бұл әсіресе түрлі мерекелік шараларға қатысты болып отыр.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков электронды билеттендіру жүйесі қарқын алып келе жатқанын айтты.
- Егер тасымалдаушылар субсидия алғысы келсе, олар адал және ашық жұмыс істеуі керек. Оларға мемлекеттен де, жолаушылардан да қаржылық пайда табуға жол берілмеуі тиіс. Болашақта электронды билет жүйесі жақсы нәтиже берсе, біз жаңа автобустар сатып ала алуға қол жеткіземіз, - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев әлеуметтік павильондарды құрудың тиімділігін зерттеуді, қаладағы бей-берекет құрылыстарды тоқтатуды тапсырды.
- Тараздықтар нақты нәтижелерді күтуде. Жылдағы барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда жоғары болуы керек. Қоғамдық көліктерде жол жүру тарифтері көтерілмейді, біз адамдарға электронды билеттендірудің тиімділігін дәлелдеуіміз қажет. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін көкөніс қоймаларының санын арттыру маңызды. Жоспар-кестеден тыс қалған мердігерлерге қатысты ең қатаң шараларды қолданатын уақыт жетті. Бәріне бірдей жаға алмайсыз, - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз