жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімінің орынбасары «Өмір сыйла» жобасы аясында қан тапсырды

Облыс әкімінің орынбасары «Өмір сыйла» жобасы аясында қан тапсырды
ашық дереккөзі
Облыс әкімінің орынбасары «Өмір сыйла» жобасы аясында қан тапсырды
Президент бастамасымен қолға алынған Волонтерлар жылын өткізу аясында өңірімізде де көптеген шара атқарылды. Мәселен, «SAÝLYQ» волонтерлық бағыты бойынша «Өмір сыйла» жобасы іске асырылып жатыр. Маусым айында бастау алған жаңа жоба жылдың соңына дейін жалғасады.
«Өмір сыйланың» кезекті науқанына облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев қатысып, Қан орталығына барып қан тапсырды. Бұл сауапты шара барысында облыстық орталықтың мамандары қан тапсырудың пайдасы жайында айтып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сонымен қатар оның мұқтаж жандарға қаншалықты қажет екенін жеткізді.
Бүгінге дейін акцияға қолдау білдірген еріктілер, Тараз қаласының жас кәсіпкерлері, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар ұйымдары, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері – барлығы 2 мыңға жуық адам тартылып, ерікті түрде донор болған.
Айта кететін жайт, биылғы Волонтерлар жылының «Birgemiz: Saýlyq» бағыты бойынша облысымызда барлығы 100-ден астам іс-шара өткен. Солардың бірі – медициналық волонтерлікті дамыту мақсатында «Таза жүрек» жобасы жүзеге асты. Акция барысында 8 ауданға арнайы жабдықталған 8 денсаулық керуені жөнелтілді. Керуеннің мобильді топ құрамында тәжірибелі кардилогтар мен арнайы мамандар, ерікті дәрігерлер бар.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар