Спорт
16 жастағы қазақ қызы қол күрестен 13 дүркін әлем чемпионын жеңді
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 қыркүйек, 2025
- 644
Айта кету керек, Ұлболсын небәрі 16 жаста. Жасына қарамастан, ол дүбірлі доданың басты белдесуінде майталман спортшыларды артта қалдырып, ел мерейін үстем етті.
Болгарияда өтіп жатқан ересектер арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде "Шардара Армспорт" құрамасының жас спортшысы Ұлболсын Елмұрат жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Албена қаласында ұйымдастырылған дүбірлі додада шардаралық Ұлболсын қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды.
Шешуші белдесуде ол аты аңызға айналған словакиялық спортшы, 13 мәрте әлем чемпионы атанған Лусия Дебрановамен кездесіп, тәжірибелі қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Қазақтың қаршадай қызы сенімді түрде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Келесі мақала
Алматыда қала күнінде 69 сәби және үшем дүниеге келді
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Ерлік Сертай Будапешттегі Гран-приде күміс жүлде жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 сәуір, 2026
Спорт
Елена Рыбакина мансабында екінші рет Штутгарттағы турнирде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 сәуір, 2026






