Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Ливерпуль қаласында (Ұлыбритания) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Аида Әбікеева алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
65 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Әбікеева венгриялық Лука Хамориге қарсы шықты. Кездесудің алғашқы раундында қарсыласы белсенді қимылдап, басымдыққа ие болды. Дегенмен, қазақстандық боксшы кейінгі екі раундта өз шеберлігін көрсетіп, айқын басымдықпен жеңісті жұлып алды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






