Алғашқы голын соқты
Футболдан Ресей чемпионатында өнер көрсететін жерлесіміз Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА сапындағы алғашқы голын соғып, қазақстандық және ресейлік жанкүйерлерін қуантты.
Ресей чемпионатының 10-тур аясында Екатеринбургтің «Урал» командасымен өткен ойында Зайнутдинов бірінші минуттан бастап алаңға шығып, екінші таймның 52-минутында өзінің ЦСКА құрамындағы алғашқы голын соқты. Бұл уақытта «армияшылар» бір футболшы кем болып ойнап жатқан-ды. Араға 4 минут салып ЦСКА-ның тағы бір футболшысы Константин Марадишвили «Урал» қақпасын дәл көздеп, командасына 2:0 есебімен жеңіс сыйлады.
Осылайша, 22 жастағы Зайнутдинов «армияшылар» жейдесіндегі алтыншы матчын өткізіп, бірінші мәрте толық 90 минут ойнап шықты және алғашқы голын соқты. 25 тамызда Мәскеудің ЦСКА клубына ауысқан Бақтиер Зайнутдинов – ЦСКА құрамында ойнап жатқан үшінші футболшы. Бұған дейін Мәскеу командасында Асхат Қадырқұлов және Максим Низовцев секілді жерлестеріміз доп тепкен. Өкінішке қарай екі футболшымыз да гол соғып, мергендігімен көзге түсе алмаған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
«Кел, ағайын Меркіге»
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024