жұма, 27 желтоқсан, 2024 9:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таңдау жамбылдық 19 мұғалімге түсті

Таңдау жамбылдық 19 мұғалімге түсті
ашық дереккөзі
Таңдау жамбылдық 19 мұғалімге түсті

Жайшылықта да мұғалімнің жұмысы жеңіл болған емес. Ал пандемия кезінде педагогтарға артылған жауапкершілік жүгі екі есе арта     түсті. Ауылдық жерлерде  интернет жылдамдығы өте баяу. Қысқасы, онлайн оқытудың әуре-сарсаңының өзі оңай соқпай тұр.

Сонау сәуірде білім берудің барлық сатысында қашықтан оқыту жүйесін енгізу туралы шешім қабылданғанда да осы интернет мәселесі біраз іске кедергі болған. Содан кейін жас жеткіншектерге оқу бағдарламасына сәйкес, жаңа тақырыпты меңгертуде телевизиялық сабақтар пайдаланылды. Жаңа оқу жылында да осы үдеріс әлі қолданыста. Жалпы TV сабақтарды өткізуге мұғалім таңдаудың өзі үстірт жүргізіле салмаған. Ең бірінші кезекте ұстаздың аудиторияны өзі қарата алу қасиетіне баса мән берілсе, екіншіден мол тәжірибесі мен біліктілігі қатар ескерілген.

Өткен оқу жылында қашықтан оқыту барысында химия сабағында таңдау жамбылдық ұстаздарға түсіпті. Мұның өзі кездейсоқтық емес шығар, бәлкім. Елімізде химия өндірісі бойынша көш бастап тұрған өңірде химик мұғалімдеріміз мықты болып тұрғаны ғой! Осылайша облыс педагогтары 4 тоқсанның күнтізбелік-тақырыптық жоспарына сәйкес,  химиядан телесабақтар дайындаған. Телесабаққа облыстан 19 мұғалім қатысты. Олардың бәрі дерлік, облыс, республикалық бәлім бәсекелерінде оқушылары озып шыққан, пәндік олимпиадаларға жүлде алған, өздерінің іс тәжірибесі облыс көлемінде таратылған мұғалімдер.

Соның бірі – Елена Пак Тараз қаласының №24 гимназиясында жұмыс істейді, еңбек өтілі 25 жыл. Елена Инокентьевнаның «Есептерді шығару практикумы» атты оқулыққа қосымша еңбегі Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» баспасында жарық көрген. VIII  «Инновациялық-педагогикалық идея» республикалық фестивалінде жүлделі 1-орынды иеленген, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Нұржан Дубановтың да қол жеткізген жетістіктері де көп. Ол Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогикалық шеберлік орталығының тренері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Ал Тараз қаласының №23 орта мектебінің директоры Ардақ Рысбаева – еліміздің  Білім беру ісінің үздігі.  Облыстық Айша бибі атындағы «Білім-Инновация» мектеп-интернатының мұғалімі Севда Гаджиева –  «Решения областных олимпиадных заданий по химии за 9 класс» әдістемелік құралының авторы. Оның шәкірттері – халықаралық, республикалық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлері.

Телевизиялық түсірілімде облыстан таңдалған барлық ұстаздың сабақтары өте жоғары деңгейде өтті. Республикалық талдау комиссиясының өзі оларға осылай баға берді. Химия пәні мұғалімдерінің барлық сабақтары Білім және ғылым министрлігінің ақпаратттық банкілеріне тіркелген.

  Ардақ Үсейінова
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Әлем кубогында топ жарды
Алдыңғы мақала
Әлем кубогында топ жарды

Ұқсас жаңалықтар