"Қалайша бір спортшы осыншама төзімді әрі шыдамды болады?" - Халықаралық дзюдо федерациясы
- авторМағжан Орынбасар
- 30 шілде, 2024
- 539
Халықаралық дзюдо федерациясы Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың жетістіктеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Азаттық сайты телеграм-арнасында жариялағандай, федерация «Парижде алтын алған Елдос Сметов жайлы мақаласында "Қалайша бір спортшы осыншама төзімді әрі шыдамды болады? Кім әр жыл сайын осындай жоғары деңгейде күресіп, нәтиже көрсете алады? Ол – Елдос Сметов" деп жазған.
"Сметов 16 жасында алғаш рет Варшавадағы әлем кубогы кезеңінде күресті. 15 жылдан соң, 31 жасында әлі күресіп, олимпиада чемпионы атанды. Париж ойындары алдында IJF 60 келіге болжам жасағанда "Сметов топ сегіздікке енбесе де, әлемдегі ең тәжірибелі дзюдошы. 31 жасында ол, бәлкім, ең мықты бабында болмауы мүмкін, бірақ Сметов техникалық және менталды жағынан бәріне қиын қарсылас. Ол Париж соңғы олимпиада екенін біледі. Оның қолынан бәрі келеді" деп жазды IJF сайты.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық боксшы Дулат Бекбауов Азия чемпионатын жеңіспен бастады
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қараша, 2024
16 жастағы қазақ футболшы «Челси» командасында ойнауы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 26 қараша, 2024