Әлемнің 16-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылы ATP негізгі турнирінде бір маусымда 34 жеңіске жетті, бұл оның ең жақсы нәтижесі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Championat.com сайтының мәліметінше, Бубликтің бұған дейінгі ең жақсы көрсеткіші 2021 жылы 33 жеңіс болған.
Александр Париждегі (Франция) «Мастерс» турнирінің бірінші айналымында 34-ші жеңісіне қол жеткізді. Ол аустралиялық Алексей Попыринді (рейтингіде 47-орында) 6-4, 6-3 есебімен жеңді.
Екінші айналымда Бублик Корентин Муте (Франция) мен Райлли Опелка (АҚШ, LL) арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Париждегі «Мастерс» турнирінің қазіргі жеңімпазы – германиялық теннисші Александр Зверев. Өткен жылғы финалда ол француздық Уго Умберді жеңген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ауыр атлет Артем Антропов Ислам ойындарында қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025
Қазақстан нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке кірді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 қараша, 2025






