жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

МӘМС аясында көрсетілген тегін ем тараздық тұрғынды ауыр инсульттен құтқарды

МӘМС аясында көрсетілген тегін ем тараздық тұрғынды ауыр инсульттен құтқарды
Ашық дереккөз
Тараздық дәрігерлер инсульт алған науқастың өмірін аман алып қалды

Тараз қаласының тұрғыны, 58 жастағы Гүлжан Жанадилова екінші рет инсульт алып, шұғыл қалалық көпбейінді аурухананың және консультативтік-диагностикалық орталықтың инсульт орталығына жеткізілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Дәрігерлердің жедел әрекетінің арқасында ол қалалық көпбейінді аурухананың инсульт орталығында тиісті емін алып, өмірі үшін күресті.

«Пациент ауруханаға түскен кезде қан қысымы өте жоғары болды, өзін өте әлсіз сезінген., Бір апта емнен кейін жағдайы жақсард, 1-2 күнде үйіне шығады», — дейді невролог Арайлым Ашықбаева. 

Өз кезегінде науқас та дәрігерлерге алғысын жеткізді:  

«Маған өмір сыйлаған дәрігерлерге мың алғыс. 

Күндіз-түні жанымда болып, қамқорлық танытты.

Ал МӘМС жүйесінің арқасында барлық ем тегін болды. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында денсаулығым жақсарды»,-деді Гүлжан Жанадилова.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар