Спорт
«Алтын жауған күн». Бұрымды боксшылар Азия чемпионатында 5 алтын алды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 желтоқсан, 2024
- 233
Сонымен қатар ұлттық құрама қоржынында 5 қола бар
Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы 5 алтын және 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алтын медаль алғандар:
Виктория Графеева (60 келіге дейін)
Аида Әбікеева (63 келіге дейін)
Наталья Богданова (70 келіге дейін)
Гүлсая Ержан (81 келіге дейін)
Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары)
Қола медальға ие болғандар:
Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін)
Жазира Орақбаева (52 келіге дейін)
Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін)
Милана Сафронова (66 келіге дейін)
Диана Мағауияева (75 келіге дейін)
Келесі мақала
Мен той әншісі емеспін - Айқын Төлепберген
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Азия чемпионатының қола жүлдегері Әйгерім Сәттібаева 1 млн тг сыйақы алды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 желтоқсан, 2024