Астана қаласында таеквондодан халықаралық Kazakhstan Open турнирі өтеді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 тамыз, 2025
- 612
14–16 тамыз аралығында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында таеквондодан (WT) Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі өтеді. Бұл дода Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енген және жасөспірімдер, жастар, ересектер санатында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарысқа 20-дан астам елден, соның ішінде Ауғанстан, Канада, Франция, Түркия, АҚШ және басқа да мемлекеттерден, сондай-ақ бейтарап мәртебедегі спортшылардан құралған 750-ден астам қатысушы жиналады.
Қазақстан соңғы рет мұндай деңгейдегі турнирді 2017 жылы қабылдаған. Биылғы бәсеке елдің халықаралық спорт картасына қайта оралғанын айғақтайды. Жарысқа Олимпиада чемпиондары мен әлемдік таеквондо жұлдыздары қатыспақ.
Турнир жаңа халықаралық ережелермен және KPNP K-2 жүйесі арқылы өтеді. Қазақстанда алғаш рет KPNP компаниясының электронды қолғаптары қолданылады. Сондай-ақ, Дүниежүзілік таеквондо федерациясының көрсетілім тобы елде алғаш рет өнер көрсетеді.
Шараға федерация президенті доктор Чунгвон Чо, Азия таеквондо одағының президенті және World Taekwondo кеңесінің мүшелері келеді деп жоспарланған. Жүлде қоры — 15,8 млн теңге.
Kazakhstan Open 2025 — тек спорттық дода ғана емес, 2026 жылғы Гран-при финалы мен 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге дайындықтың маңызды кезеңі болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Софья Актаева Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қаңтар, 2026
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025






