Астанада ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Нартай Сәрсенғалиев, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Отандық спортты дамыту: проблемалар мен перспективалар» тақырыбы аясында өткен іс-шарада спортты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан спорт туралы заң жобасының негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құжатты жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты міндеттерді көтерді. Спорт мекемелерінің басшылары мен сала сарапшылары өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Заң жобасын әрі қарай дайындау барысында аталған ұсыныстар ескеріледі.
Мемлекеттік органдардың, Парламенттің және спорт қауымдастығы өкілдері арасындағы сындарлы диалог отандық спортты дамытуға бағытталған кешенді шешімдер қабылдауда маңызды қадам болды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
"Алакөлде қалып кеткен". Жетісуда 25 балықшы құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар
2025 жылы Қазақстан құрамасы қандай ірі жарыстарға қатысады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 10:41