жұма, 10 қаңтар, 2025 17:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

7 баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірді

7 баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірді
Фото - ашық дереккөз
Оған тұрмыстық жанжал себеп болған

Ташкентте 7 баланың әкесі әйелін балғамен айуандықпен өлтірді, деп жазады Jambylinfo.kz. өзбекстандық  NOVA24.uz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Юнусабад ауданында болған. 31 жастағы ер адам мен 38 жастағы әйелдің арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде  айыпталушы  әйелін балтамен ұрған. Ауыр соққыдан әйел тіл тартпай кеткен.

Сотталушының айтуынша, әйелі онымен жиі ұрысып, «балаларыңды  асырай алмайсың» деп айыптаған.

«Жеті баламыз бар, бәрі жақсы болды. Бірақ екеуіміз жиі ұрысысып қалатынбыз. Ол анамды балағаттап жатқанда, мен өзімді ұстай алмай, басынан балғамен ұрдым», - дейді ол.

Сот ер адамды Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға соттады. Қылмыскер жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар