«Қайрат» финляндиялық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасасты
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 желтоқсан, 2025
- 230
«Қайрат» футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Яакко кәсіби мансабын финляндиялық «ХИК» клубында бастаған. 2018 жылы Англияға барып, «Брентфорд» клубының екінші командасында ойнаған. Кейін ол жалға «Уимблдон» және шотландиялық «Мортон» клубтарында өнер көрсеткен.
2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, «КуПС» клубымен келісімшартқа отырып, кейін «Қайратқа» ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.
Айта кетейік, осы маусымда Яакко Оксанен «Қайрат» командасымен УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен. Екі матч қорытындысы бойынша алматылық команда 3:2 есебімен жеңіске жеткен, ал Яакко бірінші ойында гол соққан.
Жалпы осы маусымда Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, U-21 жастар құрамасында 15 матч өткізген.
Яакко Оксанен орталық жартылай қорғаушы ретінде ойнайды, бойы – 180 см, салмағы – 70 кг.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025
Қысқы Олимпиадаға дайындыққа 13,3 млрд теңге бөлінді — министрлік
- авторБақытжан Бекболат
- 30 желтоқсан, 2025






