"Қайрат" пен "Астана" кездесетін күн белгілі болды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бірінші айналымның қалған турларының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды.
Сегізінші тур ойындары 11 және 12 қыркүйек күндері өткізіледі. 11 қыркүйекте "Жетісу" мен "Оқжетпес", "Шахтер" мен "Тараз", 12 қыркүйекте "Ордабасы" мен "Астана", "Тобыл" мен "Қызылжар", "Қайрат" пен "Қайсар" командалары кездеседі. Бірінші айналымның соңғы туры 2 қазанға белгіленген. Ал 4 қазанда "Қайрат" пен "Астана" кейінге қалдырылған 6-тур ойынын өткізеді.
Қазақстандық командалардың еурокубок ойындарына қатысуына байланысты ойын күнтізбесінде бірқатар өзгеріс болуы мүмкін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2026
Спорт
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2026






