Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 мамыр, 2025
- 756
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топтық жаттығулар бойынша алтын медаль иеленді. Бұл – еліміздің көркем гимнастика тарихындағы алғаш рет көпсайыс бойынша Азия чемпионатының жеңісі.
Топтық жаттығуда Қазақстан намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады. Құрама 48,45 ұпай жинап, Азияның үздігі атанды.
Бұған дейін қазақстандық гимнасттар құрлықтық додаларда жүлдеге ілінгенімен, көпсайыста мұндай жоғары нәтижеге алғаш рет қол жеткізіп отыр.
Сонымен қатар, жекелей бағдарламада Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін сынға түсуде.
Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты 16 мамырда басталып, 18 мамырда аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025
Оразбек Асылқұлов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 желтоқсан, 2025






