жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан құрамасы Ташкенттегі халықаралық турнирде төрт алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Ташкенттегі халықаралық турнирде төрт алтын жеңіп алды
Ұлттық Олимпиада комитеті
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өткен Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Отандастарымыз жалпы есепте төрт алтын медаль иеленді.

Алғашқы орындарды Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) және Артур Гафнер (найза лақтыру) жеңіп алды. Сондай-ақ қазақстандықтар әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада (Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан, Ирина Конищева) және аралас 4×400 метрлік эстафетада (Алмат Төлебаев, Аделина мен Виталий Земс, Александра Залюбовская) топ жарды.

Күміс жүлдегерлер қатарында:

Александра Залюбовская (400 метрге жүгіру),

Кристина Ермола (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру),

Алмат Төлебаев (100 метрге жүгіру),

Ирина Конищева (жетісайыс).

Қола медальды Виктория Ан (200 метрге жүгіру) және Виталий Земс (100 метрге жүгіру) еншіледі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар