Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025
- 822
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте қазақстандық команда 45 мемлекеттің ішінде 5-ші орынға тұрақтады.
Аталған жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Жарыс барысында пара жүзуден 34 медаль, пара қол күресінен 11 медаль, пара үстел теннисінен 7 медаль, пара жеңіл атлетикадан 6 медаль және пара пауэрлифтингтен 6 медаль жеңіп алынды.
Сонымен қатар голболдан ұлттық құрама алтын медальға, боччадан күміс медальға, ал пара таеквондодан бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді. Пара садақ атудан Қазақстан атынан бір спортшы қатысып, бұл спорт түрі бойынша жүлде тіркелген жоқ.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
Ұқсас жаңалықтар
Софья Актаева Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қаңтар, 2026
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
- авторСадуақас Айсұлу
- 30 желтоқсан, 2025






