Қазақстанда FIFA Arena бағдарламасы аясында 100 шағын футбол алаңы салынады
- авторБақытжан Бекболат
- 28 шілде, 2025
- 577
Қазақстан футбол федерациясы ФИФА жүзеге асырып жатқан FIFA Arena атты жаһандық инфрақұрылымдық жобаға қатысатын 11 елдің бірі ретінде таңдалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған бағдарлама аясында еліміздің мектептерінде 100 заманауи мини-футбол алаңы бой көтермек.
FIFA Arena бастамасы аясында әлемнің түкпір-түкпірінде 1000-нан астам мектептік футбол алаңы салу жоспарланған. Әр алаңның өлшемі 20х40 метр болады және олар ФИФА-ның жаңа техникалық стандарттарына толықтай сай келеді. Бұл жоба балалар мен жасөспірімдер үшін қолжетімді, қауіпсіз және сапалы спорт инфрақұрылымын қалыптастыруды мақсат етеді.
Жоба аясында резеңке үгіндісіз жаңа буындағы жасанды жабын пайдаланылады. Бұл шешім футбол алаңдарын экологиялық жағынан таза, техникалық қызмет көрсетуге жеңіл әрі балалар үшін қауіпсіз етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






