Спорт
Қазақстандық фристайлші Павел Колмаков Олимпиада финалына жолдама алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 ақпан, 2026
- 220
Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі мәлімдеді
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Павел Колмаков финалдық кезеңге жолдама алды.
ҰОК мәліметінше, финалдық кезеңге өту үшін үздік ондыққа ену қажет еді. Ал қалған спортшылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Павел Колмаков 9-орынға тұрақтады. Осылайша ол финалдық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, 10 ақпанда әйелдер арасында іріктеу жарысы да өтеді. Сайыс Астана уақытымен 18:15-те басталады.
Келесі мақала
Dulaty университетіне жаңа ректор тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Елордада шпагамен семсерлесуден жаһандық дода ұйымдастырылады
- авторБақытжан Бекболат
- 2 наурыз, 2026





