жексенбі, 13 шілде, 2025 23:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық гимнаст жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық гимнаст жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: ҰОК
Гимнаст шығыршықтағы жаттығуда 26.400 ұпай, ал доппен - 25.550 ұпай жинады

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында іріктеу кезеңінің бірінші күні өтті. 

Спортшылар доп және шығыршықтағы жаттығуларда өнер көрсетті. Екі жаттығу түрінде де қазақстандық Ақмарал Ерекешева бірінші орынды иеленді.

Гимнаст шығыршықтағы жаттығуда 26.400 ұпай, ал доппен - 25.550 ұпай жинады.

19 маусымда іріктеу кезеңінің екінші күні өтеді. Финалдық кезең 21 маусымда басталады. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар