Спорт
Қазақстандық таеквондошы Түркияда өтіп жатқан турнирде алтын медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 14:56
- 35
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан таеквондодан Turkiye Open-2026 ірі халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.
Батырхан Төлеуғали (87 келіге дейін) ұлттық құрамаға алтын медаль сыйлады. Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Абылайхан Мергенбай (63 келіге дейін) мен Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева екінші орынға ие болған еді. Ал Нодира Ахмедова (53 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Келесі мақала






