Спорт
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024
- 1.0k
Жібек Құламбаева қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен жеңді
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (әлемнің 337-ракеткасы) Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол бұл жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелді. Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 496-орында тұрған жапониялық Хироко Куватамен өткізді.
Жібек қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Оның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады. Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 320-сатыға көтеріліп тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025
Спорт
Оразбек Асылқұлов бокстан Әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 13 желтоқсан, 2025






