жұма, 20 қыркүйек, 2024 2:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін Қазақстанда Премьер-лиганың 20-туры басталады

Бүгін Қазақстанда Премьер-лиганың 20-туры басталады
Фото: Robbie Jay Barratt / AMA / Getty Images
Ойын телеарналарда көрсетіледі

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-туры басталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл турдағы негізгі ойындар 15 қыркүйекте сағат 17:00-де «Елімай» (Семей) мен «Тобыл» арасында болады. Командалар биыл жүлделі орындарға қол жеткізуді алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан жанкүйерлер аталған кездесуден тартысты бәсеке күтетіні анық.

Сондай-ақ, аталған турда 14 қыркүйекте 17:00-де «Жеңіс» (Астана) пен «Қайсар» (Қызылорда), 19:00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Астана» мен «Қызылжар» (Петропавл) кездеседі.

Ал 15 қыркүйекте 19:00-де «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан әлем чемпионаты қазақстандық қай телеарналардан көрсетілетіні анықталды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар